Жол жабылатыны туралы ескертуді елемейтіндер жауапқа тартылатын болды

244
29.12.2022 16:40

Жол жабылғаны туралы ескертуді елемей, ауа райының қолайсыз кезінде жолға шыққан жүргізушілер жауапкершілікке тартылады. Тиісті өзгеріс Үкіметтің «Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілді. Жолды жауып тастаған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар алдымен 30 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 91 890 теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде тәртіпті тағы бұзса – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал, қамауға алынбайтындарға, мысалы, мүгедектігі бар азаматтарға 50 Айлық есепік көрсеткішке яғни 152 150 теңге көлемінде айыппұл салынады. Айта кетсек, қыс басталғалы жол саласының мамандарды күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен.