Түркістандағы Күлтөбе қалашығының орыны археологиялық саябаққа айналады

365
29.12.2022 16:38

Бұрын Күлтөбенің басында күнде жиын болса, енді ол жерде саябақ ашылады. Бірақ, археологиялық. Ашық аспан астындағы музейде қазақ тарихы мен мәдениеті дәріптеледі. Орта ғасырлық жәдігерлер мен өзге бұйымдар туристерге таныстырылмақ.

Қазір, ашық аспан астындағы музей құрылысы аяқталуға жақын. Одан бөлек, цифрлық технологиялар арқылы кез-келген адам орта ғасырға саяхаттағандай әсер алады. Сол кездегі қыш құмыралар мен зергерлік бұйымдар да таныстырылады. Келер жылдан бастап, адамдар саябаққа келе алады екен.

АЛТАЙ АХМЕНОВ - ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ

"Саябақта мониторлар орналастырылады. Одан Күлтөбенің пайда болуы туралы білуге болады. Қалашықта 3 күмбез бар. Көлемі 60 мың шаршы метр. Төртінші күмбездің биіктігі 17 метр."

Саябақты салуға жалпы көлемі 6,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Аумағы 27 гектар. Ішінде кітапхана, музей, кітапхана және рухани-мәдени орталықтар салынады. Одан бөлек, ботаникалық бақ ашу да жоспарлануда.

Бұл жаңа ашық-аспан астындағы музей Қожа Ахмет Яссауи атындағы музейде орналасқан. Сондықтан, болашақта туристер бұл жерге көптеп келетініне кепілдік беруге болады дейді жауапты мамандар. ДАРХАН АСАНХАН - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

"2022 жылдың 9 айындағы есеп бойынша біздің облысқа 200 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Өздеріңізге белгілі 2020-21 жылдары пандемияға байланысты түрлі шектеу шаралары болғандықтан шетелдік туристер саны мүлде азайып кеткен еді. Биыл олардың саны алты мыңға жетті."

Дегенмен, тенденцияға сенер болсақ, шетелдіктер тарихи-археологиялық саяхатқа қызығушылық танытпайды екен. Сондықтан, бұл ашық-аспан астындағы музей еліміздің өзге өңірлерінен келген адамдарға қызық болары, сөзсіз.