Ұлттық құраманың хоккейшісі Қазақстан азаматтығынан айырылды

312
28.12.2022 17:00

Қазақ хоккейінде тағы бір дау. Ұлттық Құраманың және «Барыс» клубының шабуылшысы Дмитрий Шевченко Қазақстан азаматтығынан айырылды. Ол маусымды Омсктің «Авангард» сапында ресей азаматы ретінде тіркелген. Ең сорақысы – Ресейдегі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сапында ойнаса да, Ресей азаматы деп көрсетілген. Оны байқап қалған «Барыс» хоккей клубының жанкүйерлер тобы Астана қаласы көші-қон полициясы басқармасына шағымданады. Нәтижесінде, полиция жауабында оның ресейде туылғаны және сол елдің азаматтығы бар екені расталғаны хабарланды. Ал, Конституция бойынша, екі ел азаматтығын алу заңсыз болғандықтан, Шевченко енді Қазақстан азаматы емес делінген ресми жауапта.