Жол жабылатыны туралы ескертуді елемейтіндер жауапқа тартылуы мүмкін

330
28.12.2022 16:44

Жол жабылатыны туралы ескертуді елемейтіндер енді жауапқа тартылуы мүмкін. Тиісті өзгеріс Үкіметтің «Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілді. Себебі, республикалық маңыздағы автожолдар қысқы күтіп ұстау кезеңіне ауыстырылған сәттен бастап, жол саласының мамандарды күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен. Атап айтқанда, ауа райының қолайсыздығына байланысты 232 көлік жылы бокстарға орналастырылса, 563 адам жылыту пунктеріне жеткізілді.