Ел жастарына 5 миллион теңге кредит беріле бастайды. Несие 35 жасқа толмаған адамдарға 5 жылға беріледі. Оны өз кәсібін ашу үшін студенттер мен университет бітіргендер, жұмыссыз жүргендер мен жұмысы барлар да ала алады. Ең бастысы ашып жатқан бизнес-жоспар мықты болуы тиіс, себебі бәрін конкурс шешеді, — дейді жауаптылар. Жастарға арналған микрокредит 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап беріле бастайды. Кепілдікке қойылатын зат болуы шарт.
️