Келесі жылы коммуналдық тарифтер өседі

191
27.12.2022 05:20

Келесі жылы коммуналдық тарифтердің құны 20-30 процентке дейін көтерілуі мүмкін. Барлық өңірлерде инженерлік желілердің әбден тозуы Үкіметті осындай қадамға баруға мәжбүрлеп отыр. Желілердің жағдайына қарай әр аймақ бойынша тариф те әртүрлі бағада көтеріледі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлімдеді. Өйткені республика бойынша инженерлік желілер мүлде ескірген. Олардың тозу көрсеткіші 80 процентке дейін жеткен аймақтар бар. Енді коммуникациялық желілер тарифті өсірудің есебінен жаңартылмақ. Алдағы жеті жылға арналған бағдарлама қарастырылып жатыр.