Түркістандық 100 отбасыға көмек берілді

282
23.12.2022 10:08

«Саусақ бірікпей ине ілікпейді». Дана халқымыздың нақыл сөзін ұстанған Яссы мөлтек ауданының белсенді азаматтары қаладағы 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті. Игі шараға Түркістан қаласы мәслихатының депутаттары да атсалысты. Халық қалаулылары мен жомарт азаматтар тұрмысқа ең қажет деген тауарларды үлестірді.