Елде 1,5 миллион адам несиесін өтей алмай отыр

218
23.12.2022 09:50

Қазақстанда 7 млн-нан астам адамның несиесі бар болса, оның 1,5 миллионы кредитін қайтара алмай жүр. Осы үшін мәжіліс жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жіберді. Маңызды құжатта қарызға белшеден батқандар өзін-өзі банкрот деп жариялауы үшін не істеу қажет екені айтылған.  Депуттардың айтуынша, банкроттықты рәсімдеудің үш түрі болады. Ең бірінші  азаматтардың  жекеменшік мүлкі болмауы керек. Екіншіден осы қаржы ұйымдарының алдында берешегі 12 ай болу керек деген. Рәсімдеудің үшінші түрі – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасы. Борышкер табысы мен мүлкі болған жағдайда қарызын өтеу жоспарын бес жылға дейін сот арқылы соза алады. Бұл үшін борышкер мен несие берушінің келісімі қажет.