2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. Министрдің сөзінше ақбөкендерді атуға жарияланған мораторийді ұзарту туралы ұсыныс тиісті органдарға жолданған, егерде ұсыныс қолдау тапса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынады. Биыл киіктерді атуға қатысты қоғамда қызу талқылау болған, онда министр 80 мың киікті атуға рұқсат етілетінін айтқан. Осыдан кейін қоғамда қарсылықтар көбейіп, бұл іске мемлекет басшысының өзі араласып, Брекешевке осы үшін сөгіс жариялаған болатын.
️