Әлихан Смайылов "Жылыту маусымына дайынбыз",- деп жалған есеп берген әкімдерді сынады

235
20.12.2022 16:08

Жылу электр орталықтарында болған апаттарға жалған мәлімет берген әкімдер кінәлі. Үкімет отырысында премьер министр осылай деп, шенеуніктерді баспасөз бен әлеуметтік желілердегі шағымдарға назар аударуға шақырды. Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл мәселеге қатысты қыркүйекте жиын өткен. Сол кезде әкімдер ешқандай мәселе жоқ, сақадай саймыз деген. Алайда жалған ақпараттың соңы сорақы жағдайға алып келгенін жеткізді. Екі айдың ішінде Риддер мен Екібастұзда ірі апат болды. Сонымен қатар, Өскемен, Теміртау, Рудный мен  Ақтау, Семей, Павлодар қалаларындағы жылу беру жүйелерінен ақау шықты.