Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған 5 оқушы мен жаттықтырушының жағдайы ауыр. Оқиға 17 желтоқсан күні болған еді. 9 оқушы мен жаттықтырушы Темір ауданынан Ақтөбе қаласындағы спорттық жарысқа қатысуға бара жатқан. Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық автожолында көлік аударылып, бір оқушы оқиға орнында көз жұмды. Әзірге жол апатына не себеп болғаны нақты айтылмады. Дегенмен, Полиция департаменті жүргізушінің қамауға алынғанын хабарлады. Жағдай облыс басшылығының бақылауында. Бес бала мен жаттықтырушы жатқан медициналық мекеме қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Қайғылы оқиғаға байланысты облыс орталығында өтіп жатқан волейбол жарысы тоқтатылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
️