Түркістан облысында ірімшік өндірісі қарқынды дамуда

443
15.12.2022 17:30

Түркістан облысында сыр-ірімшік өнімдерін шығарудың негізін алғашқы болып қалаған кәсіпорын бар. Сайрам ауданында орналасқан зауытта 47 адам қызмет етеді. Мұндағы құрылғылар Түркиядан арнайы әкелінген. Бұл кәсіпорын 2017 жылы Қазақстан бойынша халал сертификатын иеленген жалғыз зауыт. Мұндағы ірімшіктер еуропалық стандартқа сай өндіріледі. Нақтырақ айтсақ, түрік технологиясымен дайындалады. Жалпы тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі.