Түркістанда биыл ажырасушылар саны азайды

360
15.12.2022 17:23

Түркістанда биыл ажырасушылар саны азайды. Облыс бойынша 643 отбасы ажырасуға өтініш білдірген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен. Мамандардың айтуынша ажырасатын отбасылардың көпшілігі 30-35 жас аралығындағы жастар. Биыл азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша заңға өзгерістер енгізілді. Енді некеге тұру үшін 30 күн емес 15 күнтізбелік күн жеткілікті. Естеріңізге салсам, азаматтық хал актілерін жазу бөліміне кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіскенде, өзара мүлікке қатысты талаптары болмаған жағдайда жүгінуге болады.