Батыс Қазақстан облысындағы Сарыөзен бетінде мұз үстінде қатып қалған 21 киік табылды

543
13.12.2022 13:56

Батыс Қазақстан облысындағы Сарыөзен бетінде мұзбен үстінде қатып қалған 21 киік табылды. Қызметкерлер жануарлардың өлексесін жағаға шығарды. Мамандардың болжамы бойынша, жануарлар су ішуге келген. Сол кезде жұқа мұз жарылып кетіп, киіктер өзенге түсіп кеткен болуы мүмкін. Мамандардың сөзінше, биылғы қыс жан-жануарларға оңай тимей тұр. Қарашаның аяғында аяз күшейгелі бері өзен-көлдер тегіс қатып, Еділ-Жайық арасындағы миллиондаған киік тіршілік нәрінен тарығып жүр.