Кішкентайынан футболды жанына серік еткен Бибігүл Нұрышева еліміздің алдыңғы қатарлы аяқдопшыларының қатарынан ойып тұрып, орын алды. Ол, биылғы ел біріншілігі қорытындысы бойынша үздік жартылай қорғаушы атанды. Бұл расымен де футболда жүгі ауыр, бірақ, абыройы зор позиция екені айтпаса да түсінікті. Қорғаныс пен шабуылды байланыстыру тек үздіктердің қолынан келеді. Биылғы біріншілікте де, Түркістандық қыздар ел біріншілігінде жақсы өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатында Шымкенттік «Биік-Қазығұрт» және Көкшетаудың «Оқжетпес» командаларынан кейін үздік үштікті қорытындылады.
️