Жылыту маусымы бастала сала елімізде иіс тиіп улану, өрт оқиғалары жиілейді. Түркістан облысында биыл улы газдан уланудың 12 оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 10 адам зардап шегіп, 15 адам қайтыс болған. Төтеншеліктер Шардарада жылыту маусымы кезінде газдан уланудың алдын алу мен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша көп қабатты үй мен жеке үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды қатаң бақылауда ұстау керектігін атап өтті.
️