Айлық есептік көрсеткіштен бас тарту керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова үкімет сағатындағы кездесу барысында айтты. Себебі «Тәуелсіздік кезінде енгізілген айлық есептік көрсеткішті пайдаланып отырмыз. Бұл жоспарлауға ыңғайлы болғанымен экономикаға да, жалақыға байланысты емес. Халық қалаулысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс істеуге кеңес берді. Зейнетақы да назардан тыс қалмады. Болжам бойынша 2050 жылға қарай зейнетке шыққан азаматтар жоғалған табыстың тек 30 пайызын ғана алады. Қазақстандардың біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенімсіздігін зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын алып қоюынан байқауға болады. Осылай жалғаса берсе қызметкерлер болашақта базалық зейнетақыға ғана үміт артуы мүмкін.
️