Түркістан облысында 300 -ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес.Оның ішінде 128 мұғалімнің жоғарғы оқу орнында оқымағаны белгілі болған. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай заңбұзушылықтарды анықтау үшін тағы 30-дан астам жоғары оқу орнына сұрау салынып, әзірге тек 15-і ғана жауап берген. Бұдан бөлек, шет ел дипломдары бар 432 мұғалімнің де дипломдарына тексеру жүргізіліпті. Нәтижесінде 196 педагогтың білім туралы құжаттары расталмаған.
️