«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізін кезінде мамандар ғасыр құрылысы деп атады. Жоба аяқталды деп жарияға жар салғанымызға да 7 жыл. Бірақ, шын мәнінде бұл автокөлік дәлізі әлі күнге біткен жоқ. Біздің тілшілеріміз Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылына барып қайтқан болатын. Осы ауылдың тұсында сонау 2010 жылы басталған жер асты өткелі әлі аяқталған жоқ. Тіпті бітетін түрі де көрінбейді. Өйткені құрылыс басында техника тұрмақ, жұмысшы да жоқ.
️