Түркістан
EN

Келес ауданында «Алтын күз» мерекесі тойланды

281
29.11.2022 09:18

Түркістан облысы,  Келес ауданында биылғы жылдың ауыл шаруашылық науқаны қорытындыланды. «Алтын күз 2022» ауылшаруашылық мерекесі барысында аудан басшылығы жергілікті диқандарды табысты жылмен құттықтады. Сонымен қатар, атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Ағымдағы жыл аудан үшін табысты болды деп ауыз толтырып айтуға болады. Нақты өнім көлемінің индексі тек 10 айда 63 млрд теңгеден асып жығылды. Оның 43 млрды өсімдік шаруашылығына ал 20-сы мал шаруашылығына тиесілі. Аудан басшылығы осыған орай, жергілікті шаруаларды марапаттады.

️