Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «Altyn kúz - 2022» салтанатты мерекесі өтті

210
25.11.2022 11:41

Түркістан облысының шаруалары биылғы жылды қортындылады. «Алтын күз – 2022» салтанатты мерекесінде өңірдің ауыл шаруашылық саласындағы көрсеткіштері сөз болып, үздік аймақтар мен еңбек адамдары марапатталды. Облысқа қарасты аудандардың ағымдағы жылы ауқымды істер атқарғандары өңір басшысының арнайы алғыс хатын алды. Сайрам ауданы жыл бойы 108,4 млрд. өнім өндіріп алғашқы орынға жайғасты. Ал, Бәйдібек ауданы өнім көлемінің индексі 111,2 пайызға артып екінші қатардан орын алды. Облыстағы жылыжайлардың 50 пайызына иелік ететін Сарыағаш ауданы үштікке ілінді.