Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

295
24.11.2022 11:37

Облыс аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және Төтенше жағдайлар Түркістан облыстық департаментінің бастығы полковник Нұрғали Жүнісов Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандарында орналасқан су қоймалар мен таудағы қар қоры, мұздақ көлдердің қазіргі жағдайын қарап, тікұшақпен аэровизуалды шолу жасады. 

Мамандармен су қоймалардың жай-күйі зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардан келер қауіп жоқ екені анықталды. Өңір басшысы су көздері тұрақты жағдайда болса да, қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс екенін жеткізіп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.