Түркістан облысында тауға шығамын деп тағы үш адам жоғалды. Биікті бағындырамын деп хабарсыз кеткен жасөспірімдер түнгі уақытта жолға шығыпты. Сәтін салғанда, оларды көп ұзамай құтқарушылар тауып алған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің сөзінше, жас жігіттердің бірі тау бөктеріне көтеріліп бара жатқанда құлап кетіп, аяғын сындырып алыпты. Мамандар жарақат алған азаматқа сол жерде алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен. Оларды іздеуге 11 құтқарушы, 3 бірлік техника бөлінген. Мұндай жағдайлардың алдын-алу үшін мамандар білмейтін таулы жерлерге түнгі уақытта шықпау керектігін ескертеді.
️