Бәйдібек ауданында кәмелетке толмаған жастардың ісі бойынша комиссия отырысы өтті

740
04.11.2022 04:28

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында кәмелетке толмаған жастардың ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті. Жиында жастар арасында өз-өзіне қол салу, қылмыс, ерте жүктілік және мектеп оқушылары арасындағы қылмыс, құқық бұзушылық фактілері бойынша қордаланған мәселелер қаралып, талқыланды. Аудандық прокуратураның бастамасымен өңірде ұдайы жүргізіліп отырған профилактикалық шаралардың нәтижесінде биыл жасөспірімдер арасында қылмыс саны азайған. Алайда, жақында тіркелген өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша аудан прокуроры мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын психолог жұмыстарына ескерту жасады. 

НҰРЛАН ЕШЕНҚҰЛОВ - БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ - Әр мектепке психолог алды. Дипломы бар жұмыс істесін деп. Егер нәтижесі болмайтын болса ол  психологтардың, өз жұмысымен айналыспайтын болса, мен ойлайымын психологтардың керегі жоқ деп. Онда бізде ұсыныс жасайық үкіметтің ақшасын бекерге төлегеннен гөрі. Сол үшін психологтардың жұмысын күшейткен дұрыс болады, құрметті басшылар.