Жамбыл облысында темір жолдағы апат салдарынан 6 адам қаза тапты

470
02.11.2022 04:46

Жамбыл облысында темір жолдағы апат салдарынан 6 адам қаза тапты. Марқұмдар мінген автокөлік теміржол өткелінен өтіп үлгермей қалып, оны пойыз соғып өткен. Қайғылы оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болған. Меркі ауданы Қарасу ауылындағы теміржол өткелінде жеңіл көлік тыйым белгісіне қарамастан шығып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, Audi автокөлігінің сау-тамтығы қалмаған. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.