Сәкен Бибосыновтың 2022 жылғы Азия Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды

305
01.11.2022 12:16

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың 2022 жылы Амманда (Иордания) өтетін Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

51 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Бибосынов алдын ала жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Нұржігіт Дюшебаевты жеңген үнді боксшысы Спарш Кумармен кездеседі. Жекпе-жек сәрсенбі, 2 қараша күні өтеді.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов өз салмағында "алтынға" басты үміткер – ол турнирге бірінші нөмірмен түскен болатын. Әуесқойлық мансабындағы басты жетістіктеріне келсек, ол қазіргі әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.