Түркістан облысында өзеннен табылған әйел өлімінің мән-жайы анықталды

417
01.11.2022 06:03

Төле би ауданындағы Ақсу өзенінен мәйіті табылған әйелді кім өлтіргені анықталды. Алдымен марқұм суға батып кеткен үндістандық студенттердің бірі болуы мүмкін деген болжам жасалған. Дегенмен сараптама нәтижесі мәйіттің әйел екенін көрсетті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер, оны өлтірген болуы мүмкін деген күдікпен марқұмның көршісін ұстады. Белгілі болғандай, ақшалай қарыз қылмысқа себеп болыпты. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қайтыс болған.