Елдің білім беру саласына жыл сайын бюджеттен 865 млрд теңге бөлінсе де халықтың сауаттылық деңгейі керісінше төмендеп келеді. Мұндай мәліметті бүгін сенатор Нариман Төреғалиев айтты. Депутаттың сөзінше, Қазақстан оқу сауаттылығы бойынша қазір әлемде 69-орында тұр. Ал 2015 жылы көрсеткіш сәл жақсырақ болыпты. Ол кезде тізімде 53-орында тұрған екенбіз. Есесіне соңғы 3 жылда бюджеттен қаралатын қаржы көлемі 3 есе ұлғайған.
️