Оқулық сын көтермейді

157
16.06.2021 21:52

Мектептерде оқытылып жатқан ағылшын тілі оқулықтары талапқа сай келмейді. Бесінші сыныпқа арналған оқулықта қазақ халқының тәрбиесіне келмейтін және шетелдің идеологиясын насихаттайтын суреттер мен мәтіндер де кездеседі. Ал екінші сыныпқа арналған кітапта пасха мен масленница ұлттық дәстүрлер қатарына енгізілген. Бір қызығы, Білім және ғылым министрлігі бұл кітаптарға оң сараптама беріпті. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова аталмыш оқулықтарды қайта тексеріп, қателіктерді жоюды талап етті. Ал сараптамалық комиссия қатарына тек ағылшын тілі мұғалімдерін ғана емес, балалар психологы, суретші, этнограф, қазақ тілі мамандары мен әдебиет пәнінің ұстаздарын енгізген жөн дейді депутат.