Полицейлер жолаушыдан травматикалық қару мен оқтарын тапты

241
20.10.2022 04:19

Полицейлер жолаушыдан травматикалық қару мен есірткі тапты. Оқиға Түркістан қаласында болған. 102-ге жергілікті тұрғынның бірі өзімен қару алып жүруі мүмкін деген хабарлама келіп түскен. Облыстың Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары бірден іске кірісті. Содан түнгі сағат 01:30 шамасында күдікке ілінген «MATIZ» маркалы көлікті тоқтатты. Анықталғандай, жолаушыны тінту кезінде одан қару, яғни тапанша мен 4 дана оқ, 1 дана күкірт қорапшасына салынған "марихуана" есірткісіне ұқсас зат тәркіленген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

ҒАЛЫМБЕК ТҰРЫСБЕКОВ -  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, аталған жайт ҚР  ҚК-нің  287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»  бойынша тіркелді».