Түркістанда Тұрабай Мырзахметовтың 100 жылдығына арналған кіші футболдан ашық турнир өтті

323
17.10.2022 04:06

Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматы Тұрабай Мырзахметовтың туғанына 100 жыл толуына орай Түркістан газетінің ұйымдастыруымен бірнеше мерекелік шара өтті. Қала және өңір журналистері арасында шағын-футболдан жарыс өтті.  Тартысты додада арнамыздың “TURKISTAN TV” командасы жеңімпаз атанды. Толығырақ Еркелді Тілеуқұл жалғастырады. 

Бүкіл өмірін журналистикаға арнаған Тұрабай Мырзахметовты аңыз адам деп айтуға болады. Тек Түркістан өңірінде ғана емес, бүкіл Қазақстан деңгейінде еңбегі еленген. Сондықтан, оның құрметіне өткізілген турнирге өңір журналистерінің намысын республикалық турнирде қорғап жүрген белді командалар қатысты.

Тұрабай Мырзахметовтың туылғанына 100 жыл болуына орай, өткен салтанатты әрі ауқымды шараларды баласына көру бұйырыпты. Ақсақал өз тебіренісін жасыра алмады.

Жарыстағы командалардың барлығының тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрді. Дегенмен, Түркістан телеарнасының «Тұран Бақ» командасы қарсыластардан оқ бойы озық болды. Өз қақпасына бірде-бір гол жібермеген әріптестеріміз, үш кездесуде де қарсылас қақпасын торуылдаумен болды.

Сонымен қатар, қаламы қарымды журналистің туғанын 100 жыл болуына орай, бұрын баспахана болған ғимаратта ескерткіш тақта орнатылды.