Ел бірлігін нығайту мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен семинар өтті. Шараға қоғам белсенділері, ақсақалдар алқасы және жалынды жастар жиналды. Сондай-ақ басқосуға Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университетінен арнайы спикерлер келді. Адамгершілікті насихаттайтын жиында тіл мәселесі де тақырыптан тыс қалмады. Сонымен қатар спикерлер еліміздегі бейбітшілікті сақтауға бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Басты мақсат бірігу арқылы бейбіт күннің аясында Мәңгілік елге айналу. Сондай-ақ келер ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру. Семинар соңында жиналғандардан сұрақ-жауап алынып, баяндама бойынша пікір-таластар болды.
️