Бас прокуратура дизель отынының қымбат болу себебін түсіндірді

191
13.10.2022 04:50

Күздің басында дизель отынының қымбаттауына мұнай таратушылардың айла-шарғысы әсер еткен. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша,  ұсақ жеткізіп берушілер жағдайды пайдаланып, көтерме бағаны өсіріп жіберген. Нарықта небәрі 25 пайыз үлесі бар олардың қызметі монополияға қарсы заңнамамен реттелмейді. Осының кесірінен бір литр дизельдің бағасы өңірлерде 230-260, тіпті 450-500 теңгеге дейін жеткен. Тапшылық өршіп тұрғанда 633 жанармай құю стансасы баға теңсіздігінің басылғанын күтіп, қолда бар отынды сатпаған. Осы жағдайға байланысты 17 адам әкімшілік жауапқа тартылыпты. Оларға 1,4 млн теңге айыппұл салынған.