Ұлттық банк төрағасы: Қазақстандағы үй жалдау ақысы Ресейдегі мобилизациядан кейін шарықтап кетті

198
12.10.2022 04:39

"Елдегі жылдық инфляция – 17,7%-ға жеткен. Бұған себеп-Ресейде жарияланған ішінара мобилизация". Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов осылай деді. Оның айтуынша, бағалар Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығыстың салдарынан өсіп, инфляция нысаналы көрсеткіштерден артқан. Әсіресе, азық-түлік өнімдері бағасының өсуі бұған айтарлықтай үлес қосып отыр.

Көптеген елде инфляция нысаналы көрсеткіштерден артты. Әлемдегі монетарлық саясаттың күшеюі және логистикалық проблемалардың шешілуі 2023 жылы инфляцияның баяулауына әкеледі деп болжанып отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамы бойынша, G20 елдерінде инфляция 2022 жылғы 8,2%-дан 2023 жылы 6,5%-ға дейін төмендейді.