Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Төрт түлікті көбейтіп табысын еселеп жүрген азаматтар бар. Сол кәсіпкерлермен аудан әкімі Нұрбек Бадырақов жүздесіп, мәселелерін тыңдады. Толығырақ тілші бейнематериялында.
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов өңірдегі шаруа қожалықтарын аралады. Бүгінде кәсібінің нәсібін көріп жатқандардың бірі Ордабек шаруа қожалығы. Серіктестік жылқы бордақылаумен айналысады. Кәсіпкер бүгінде өнімін Алматы қаласына экспорттайды екен. Хаят Хасантаев жылқы етімен қатар қойды да бордақылауды жолға қоймақ.
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Нұрислам шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Бұл серіктестік тауық өсіріп, оның етін сатумен ай айналысады. Мұнда 12000 бас тауық асырауға мүмкіндік бар. Өнімге сұраныста жоқ емес дейді кәсіпкер.
Айта кетсем, еліміз жарты жылда 4 мың тоннаға жуық қой етін экспорттаған. Басқа өңірлердегі шаруалар мүмкіндігіміз одан да көп, тек қолдау қажет екендігін айтқан еді. Өйткені малды бордақылау алаңдары жоқтың қасы. Ал Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылып, мәселе шешімін таппақ.
️