Келес ауданы осыдан төрт жыл бұрын ғана Сарыағаштан еншісіп алып, бөлініп шыққан. Бүгін облыс әкімі ауылы аралас, қойы қоралас, бірге шекаралас жатқан қос ауданға барып тұрғындармен кездесті. 21 жылдай Саялы өңірдің құрамында болған Келеске көп көңіл бөлінбей, тасада қалды. Сондықтан қордаланған мәселелерде жетерлік.
Қос ауданның мәселесі ортақ. Осында тұратын келіншектер босану үшін бірнеше шақырымды артқа тастап, Шымкентке баруы тиіс. Жолдың алыстығынан соңғы кездері Жолдыбайлардың саны көбейген. Ауданның өзінде босанатын нысан бар, бірақ онда орын жоқ.Арасында шетінеп кеткендерде бар. Ол облыстағы ана мен бала өлімінің артуына сеп болуда.
️