Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат ұсталды

164
10.10.2022 05:36

Шымкентте жалған шот-фактура жасаумен айналысқан азамат ұсталды. Ол жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін 3 компания ашып, 1 млрд теңгеден астам қаржыға құжат дайындаған. Көлеңкелі кәсіппен пайдаға кенелген күдіктіні қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады. Заңсыз әрекеттен мемлекеттік бюджетке келтірілген шығынның көлемі – 380 миллион теңгеден асады. Дәл қазір қылмыстық іс сотта қаралуда.