936 жұмыс орны ашылды

377
10.10.2022 05:24

Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан. Бұған статистикалық көрсеткіш дәлел. Мәселен, өнім көлемі 534 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 125 млрд теңгеге артық. Өңірде осы жылы өнеркәсіп әлеуетін дамыту мақсатында 26 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 936 жұмыс орны ашылды. Бұдан өзге, маңызды ірі жобаларды іске асыру жоспарда бар. Атап айтқанда, каустикалық сода, 5-ші класты мотор майы мен мұнай өнімдерін өндіретін және фосфорит өңдеу зауыты іске қосылады. Одан өзге, цемент өндіретін орын да ашылмақ. Жалпы жыл басынан бері экономикаға 338 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Ал жеке инвесторлар есебінен 10 жобаны іске қосу жоспарлануда.