AMANAT партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы күшін жойды

284
10.10.2022 05:21

AMANAT партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы күшін жойды. Мұндай шешім бүгін партияның кезектен тыс XXIV съезінде қабылданды. Айта кетсем, сьезге 1200 делегат қатысты. Олардың 700-і еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген. Күн тәртібінде Аманаттың атынан алдағы Президент сайлауына түсетін кандидатты бекіту болатын. Көп ұзамай партия мүшелері бірауыздан қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдады. Жиында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов бүгінгі реформалардың басты мақсаты әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру екенін айтты.