Түркістан облысында бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін түсіндіруге келген билік өкіліне күш көрсеткендер 4 жылға дейін сотталуы мүмкін. Қазір үш жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторында отыр. Күдіктілер кісі өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша наразылық білдірген. Естеріңізге сала кеткен жөн, Төле би ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде тәртіп сақшысы ВАЗ-2103 көлігімен қашып кетуге тырысқан ауыл тұрғындарын қуған. Полицейлердің заңды талабына бағынбай, жасырыну үшін жылдамдықты асырған. Осыдан соң жүргізуші көлікті игере алмай, басқа көліктермен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-2103 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның жолаушысы мен Audi100 көлігінің жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.
️