Тазалықты қамтамасыз ете алмаған әкімдер ескерту алды

465
05.10.2022 07:19

Тазалықты реттей алмаған әкімдерге шара қолданылсын. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды  кезекті аппарат отырысында осылай деді. Ол тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондары қараусыз қалған аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды. 2021 жылы ғарыштан түсірілім жасау арқылы 347 заңсыз қоқыс орны анықталған. Ал биыл олардың үлесі 400-ден асқан. Олардың жүзден астамында жұмыс баяу жүргізілуде.  Сондықтан тазалықты қамтамасыз ете алмай отырғандар облыс әкімінен ескерту алды.