Бос жатқан жерді алма баққа айналдырған кәсіпкер

317
03.10.2022 06:17

Көзін тапсаң, кәсіп көп. Бұған ағаштарды күтіп-баптап пайда тауып отырған Түркістандық шаруаның бастаған ісі дәлел бола алады. Былтыр баудан 80 тонна өнім алса, биыл 40-50 тонна алма теріліпті. Қосымша кәсіптен де кенде емес көрінеді. Толығырақ тілші жалғасын.

АЙДАНА ДҮЙСЕНБАЕВА – ТІЛШІ - Қараусыз қалған жерді осындай жайқалған бауға айналдырған ағабековтер отбасы 3жыл қатарынан бұл жерден үздіксіз өнім алуда. Бүгінде мұнда күзгі алмалардың терімі жүріп жатыр. Менің қолымда семерянка сорты. Құрамында қанты аз, есесіне дәрумені көп.

Бауда бұдан басқа алма ағашының тағы жаздық 2 түрі өседі. Бір ғана жеміс түрімен шектелмей, кәсіпкер ағайындылар алмұрт, қара өрік ағаштарын да отырғызыпты. Айтуға оңай болғанымен, әжептеуір күшті талап етеді дейді кесіпкер. Бірақ,берекесі жарасқан әулет күтіп-баптау жұмыстарымен өздері айналысатын көрінеді. Тек жемісті теру уақытында ғана жұмысшылар жалдайды екен. 

БАҚТИЯР АҒАБЕКОВ – КӘСІПКЕР - Інім екеуміз бастағанбыз осыны 2 жыл болды өнім алып отырмыз. Бала шағамызбен келіп осы жерге қараймыз.күтіп баптаймыз. Қырқатынын қырқып,шөбін алып,жерін жыртып. Өзіміздің техникаларымыз бар кішігірім.

Ағабековтер енді жемістің өзін сатудан басқа шырынын жасап шығаруды да қолға алған. Сусыз,қантсыз,қоспасыз. Таза алманың шырыны.Бүгінде жаңа өнімді тексерістен өткізіп жатқан көрінеді.Көп ұзамай шырындар мен тосаптарды халыққа қолжетімді бағамен сатылымға шығарамыз, дейді-шаруа.

Кәсіпкерлердің ісі алмамен ғана шектелмейді. Қорасында қосымша шет елдерден әкелінген асыл тұқымды ешкілері бар. Ал,олардың азығы қосымша жем-шөптен бөлек, баудағы жерге түскен алмалар екен.

БАҚТИЯР АҒАБЕКОВ – КӘСІПКЕР - Мынау қосымша кәсібіміз осы. Жерге түскен қалған алмалар ысырап болмасын деп осы ешкілерді алдырдық. Породасы туралы айтады. Майлы сүті жақсы.т.б

Мұндағы 40-қа жуық ешкінің әр қайсысының құны 200 мыңнан жоғары. Әкелер пайдасы да мол. Сүттің майлылығы бір бөлек. Тіпті, ірімшік жасайтын кәсіпорындар сұрыныс білдіреді екен.

ӘЙГЕРІМ ЖАҚЫПОВА  – КЕЛІНІ - Екі мезгіл сауамыз.азанда кешке. Жаңа туған кезде бір бергенде 6-7 литр беретін еді. Қазір азайды сүт су алып жатыр. Бір мезгілге көштік күніне 24 ешкі сауам. Көбіне ешкі сүтін емге алады.құрт жасаймыз

Осылайша Ағабековтер сүт өнімдері мен алманы сауда орындарына өткізеді. Кейбірін жәрмеңкеге алып шығады