Кентауда жылуға қарыз борышкерлерге жаза қолданылды

185
03.10.2022 04:07

18 984 367 теңге. Кентаулық тұрғындар Жылу мекемесіне осындай ақша қарыз. Әлі күнге дейін төлемеген. Бұл жөнінде қала әкімі Жандос Тасов Билік пен бұқара хабарында айтты.  Олардың арасында кәсіпкерлік нысандары да бар.   

Сонау 1937 жылы салынған Жылу мекемесінің негізгі қондырғылары жөндеуден өтуде. Атап айтсақ орталықтың 6,7,11,12 қазандықтары құрылғыларын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 546 млн.тг бөлінген. Аталмыш құрылыс жұмыстары қыркүйек айының басында аяқталуы тиіс болатын. Алайда, кейбір заттары шетелден әкелінетін болған соң сәл қиындық туындап жатыр дейді. Ал көмір алуға облыстық бюджеттен  700 млн.тг қаралыпты.  "Жылу орталығы" алғашқыда Мырғалымсай, Ащысай шахталарын электр қуатымен қамтуға жұмыс жасаған. 1960 жылдан  қазірге дейін қаланы толықтай жылумен қамтып келеді. Мекемеде 360-қа жуық қызметкер еңбек етеді.