Түркістан облысында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 86 мектеп салынады

342
03.10.2022 04:00

Түркістан облысында 86 жаңа мектеп салынады. Бұл «Жайлы мектеп» пилоттық жобасының аясында жүзеге асырылмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды оған жауапты мамандармен жиналыс өткізіп, нақты тапсырма берді. Жобаның мақсаты қарқынды дамып, тұрғын саны артып келе жатқан елді-мекендерде заманауи білім ордаларын салу. Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасау. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған.

Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2023-25-і жылдары 400 млрд теңге бөлу жоспарланған. Осылайша, 900,1200 және 2000 орындық білім ордалары салынады. Бұл 86 мектепте 60 мыңнан астам бала білім алады. Білім ұялары заманауи пән кабинеттерімен және зертханалармен қамтамасыз етіледі. Айта кетсем, Түркістан облысында жалпы 983 мектеп бар.