Тұмауға қарсы екпе егу басталады

480
29.09.2022 04:51

Түркістанда жедел респираторлық-вирустық инфекциясы өткен жылмен салыстырғанда төмен. Бұл инфекциямен былтырғы жылдың 8 айында 6742 жағдай болса, биыл 4 099-ға түскен. Ал, жыл басынан бері тұмау инфекциясымен бірде бір сырқаттанушы тіркелмепті. Дегенмен, бұл инфекциялардың нағыз күшейетін маусымы қазан айынан басталады дейді мамандар. Сондай-ақ , сырқаттың алдын алудың ең сенімді жолы-тұмауға қарсы екпе алу екенін ескертеді. Қазіргі таңда өңірге 300 мыңнан астам тұмауға қарсы вакцина әкелініпті. Енді оны егу жұмыстары 3-қазаннан басталмақ.

НҰРБЕК НЫШАНОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ - Бұл тұмауға қарсы екпе арнайы топтарға жүргізіледі. Негізі халықтың 10 пайызына жүргізілу керек. Біздің өңірде 15 пайызы құрап отыр.Қазір 300 мыңнан астам грапопол вакцинасы алынып,сол вакцналардың бәрі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының макманадарымен арнайы кесте бойынша таратылады. Дайын қазір.