Биыл тұрмыстық зомбылықтың 605 фактісі тіркелді

247
28.09.2022 06:46

Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстық негізде 605 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, зорлық-зомбылықтың негізгі құрбандары – әйелдер мен балалар екен. Сондықтан министр нақты шаралар қажет екендігін жеткізді. 

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ – ПЕРЕВОД: Жыл сайын полицияға осындай фактілер бойынша 100 мыңнан астам өтініш келіп түседі. Бұл ретте әрбір екінші жәбірленуші бұрын берілген өтініштен бас тартады. Көбінесе бұл “жанжалқойдың” немесе туыстарының қысымымен жасалады. Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 99 мың хабарлама келіп түсті. Бірақ олардың 62 мыңы “есептен шығарылды”, өйткені полиция келгеннен кейін жәбірленушілердің өздері өтініш беруден бас тартты.