Ауылдың жағдайы түзелсе, мемлекет мықты болады. Түркістан облысында ауылдарға көп көңіл бөлінеді. Өйткені, облыс тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауылда тұрады. Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаев облыс әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, аймақтағы жағдай бойынша есебін тыңдады. Елді мекендердегі жер мәселесі, ауыл шаруашылығы, егістіктегі су тапшылығы бойынша нақты тапсырмалар берді.
️