Орман шаруашылығы тазалыққа ат салысты

606
22.09.2022 03:56

Сырдария өзенінің жағалауы туристтер мен демалушылардың сүйікті орыны. Алайда, таза ауамен тыныстап, демалуға келген жандардың көбі табиғат ананың тазалығына ат үсті қарайтыны жасырын емес. Осыған орай, Отырар орман және жануарларды қорғау мекемесінің орманшылары 7000 гектар тоғайлы алқапты қоқыс қалдықтарынан тазартты. «Дүниежүзілік тазалық күніне» байланысты ұйымдастырылған сенбілікке аудан тұрғындары мен еріктілерде қатысты.