Түркістанда елден 100 мың АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азамат ұсталды

293
16.09.2022 11:19

Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияға бет алған Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған. Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды.

Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.