Жаңа салық заңнамасын Түркістандық кәсіпкерлер құптап отыр. Жайсаңкүл Окымишева 3 жылдан бері жүк көліктерін жалға берумен айналысып келеді. Осы аралықта түрлі кедергілерге тап болғанын айтады. Және қазіргі салық заңнамасындағы шикіліктер еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін бірден-бір фактор деп есептейді.
ЖАЙСАҢКҮЛ ОКЫМИШЕВА - КӘСІПКЕР - Президенттіміздің кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін қазіргі «Салық» Кодексін түбегейлі өзгертуін тапсырғанын жалпы қолдаймыз. Әрине бұған дейін кедергілер болды, жоқ емес. Әкімшілік тараптан қысымдар болады. Енді оның барлығы жаңа салық кодексінде өзгеріп, енді бұдан әрі оның бәрі жақсарады деп ойлаймыз.
️